Жаңалықтар Халық жаңалығы 

“Изуми” Тәуелсіздік тойын тойлады

“Изуми” сауда желісінің тұрақты сатып алушылары ел Тәуелсіздігінің тойын сүйікті дүкендерімен бірге атап өтті. “Арнайы дайындалған шоу-бағдарламалар, танымал брендер ұсынған күтпеген тосын сыйлар бұл күні “Изумиге” келгендерді қуантып тастады.

“Изуми” сауда жүйесінің тұрақты сатып алушылары ел егемендігінің 20-жылдығын жаңа дүкенде мерекеледі. Мерекеге орай “Изумиде” ауқымды акция ұйымдастырылып, жүлделі ойындар өткізілді. Сыйлыққа ие болу үшін, Изуми қонақтары сауда жасағандығы туралы купондарымен ғана емес, елінің өткен тарихын білетіндігімен көзге түсті.

“Изуми” сауда желісіндегі мұндай ұтыстар жүйелі түрде ұйымдастырылып тұрады. Жеке өзіңіз ғана емес, бүкіл жанұяңызға қызмет етуге дайын “Изуми” жаңа дүкенінде әйелдер киімі жиынтығын ұсынады. Соңғы үлгідегі көйлек-көншіктен өзге аксессурлар мен әшекейлі тері бұйымдарын да таба аласыз.

“Изумиде” барлық жағдай жасалған. Сәнді, әсем киімдерді таңдап қана қоймай, тынығып алуыңызға да болады. Сауатты кеңесшілер өзіңіздің сымбатыңызға сай киім таңдап береді.

“Изуми” секілді дүкендерді аралап,жанұялық шопинг жасап, көңіл-күйіңізді артырары сөзсіз. “Изуми” басшылығы балалар киімі желісімен шымкенттік балғындарды эксклюзивті киімдермен қуантпақ.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz