«Көксарай» контреттегішінің құрылысы толығымен аяқталды. Бүгін оңтүстік өңіріне ресми сапармен келген Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко нысанды ведомство меншігіне қабылдап алды. Министр «Көксарай» су реттегішінің басына барып, ондағы құрылысшылармен кездесті. Жан-жақты жұмыс істеген жігерлі топ үлкен маңызы бар нысанды мемлекет меншігіне тапсырды.
Елеулі еңбегімен күн-түн демей құрылыс жұмысына барын салған азаматтарға ведомство басшысы «Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» медалімен марапаттады. Үш жарым жылға созылған ауқымды құрылыс екі бірдей облыстың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, экономикалық, экологиялық және саяси жағынан да пайдасы зор нысан жергілікті жұрттың әл-ауқатын көтеруге де септігін тигізетін болады. Ауқымды жоба туралы алдағы уақытты да жеткізетін боламыз.