4 күн мерекелік демалыста облыстық ауруханаға көзіне жарақат алған бірде-бір адам тіркелмеген. Бұл соңғы үш жылда офтальмологтардың жан-жақты жүргізген профилактикалық іс-шараларының нәтижесі. Былтыр ауыр халде бір ғана науқас ауруханаға түскен.
Ол 10 жастағы шымкенттік оқушы. Ауласында ойнап жүріп, от шашудың ұшқыны көзіне түскен. Емдік шаралардың дер кезінде жүргізілгендіктен , бала қазір сауығып кеткен. Алайда 2009 жылы мереке күндері далада атылған петарлалардан шашылған от ұшқыны сәбидің көз жанарын зақымдаған еді. Өкінішке орай, кінәсіз баланың бір көзі көрмей қалды.
Осындай келеңсіз жағдайларға тап болмас үшін алдын ала дәрігерлер дабыл қағады. Олар қытайлық пиротехникаларды пайдаланбай-ақ, жаңа жылды жақсы көңілмен қарсы алуға болатынын ескертеді.