Кеденшілерге 20 жыл

Кеденшілерге 20 жыл

Қазақстан Республикасының кеден қызметіне 20 жыл. Еліміз азаттық алған жылдары негізін қалаған Кеден қызметі бүгінде алдына жеке құрылым. Өткен 20 жыл ішінде кеден тарихы сындарлы тар жол тайғақ кешуді бастан өткеріп, жас мемлекеттің қарыштап дамуына атсалысты.

12-желтоқсанда осынау алып құрылым қызметкерлері Шымкентте төл мерекесін атап өтті. Шанин атындағы драма театрында бас қосқан кеденшілер жеткен жетістіктерді саралады. Сонымен қатар мерекелік іс шарада Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің құрған ортақ кедендік одағының болашақ бағдарын болжады.

Жалпы биылғы жылдың 11 айлық көрсеткіші бойынша кедендік бақылау қызметі ел қазынасына 34 млрд-тан астам қаржы түсірген. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 10 млрд. теңгеге көп. Ал өткен 10 жылмен салыстырар болсақ 30 млрд қаражатқа еселеніпті.

Cөйтіп межеленген жоспар 108 пайызға орындалыпты. Сонымен қатар, осы салада елеулі еңбек еткендер тәуелсіздіктің 20 жылдығы медальдарымен марапатталды. Мадақталғандардың шендері көтеріліп, мәртебесі артты.