Жаңалықтар 

Кентауға қарасты Ащысай елдімекенінде қар астында қалған адамдар мен көліктерді құтқарып жатыр

Бізге берілген мәліметтерге сай, Ащысайға көмекке кеткен құтқарушылар кеше кешкісін жолға шығыпты. Бүгінгі таңда қар астында қалған көліктер мен адамдар шығарылып жатыр.

Бұл елді мекен Қаратау етегінде орналасқан Кентау қаласына жақын орналасқан. Кеше кешқұрым жауған қар 30 санимертге жеткен. Нәтижесінде бірнеше автокөлік қар құрсауында қалған. Қазіргі уақытта бұл қаламен байланыс тым нашар. Жапа шеккен жандар мен көліктердің санын төтенше жағдайлар департаментінің мамандары анықтап жатыр. Бізде барысын қадағалаудамыз.

Сондай-ақ бүгін Қазақстанның көптеген аймақтарында қатты жел, боран тұрады деген болжам бар. Әсіресе, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарында секундына 23-28 метр қашықтықта жел тұрады. Алматы, Жамбыл, ОҚО-да көктайғақ болып, тұман түсуі мүмкін.

Кей аудандарында жел соғады. Боранға байланысты бейсенбі күні жабылған Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарының республикалық маңызы бар тас жолдары бойынша автокөліктің қозғалысы қалпына келтірілді дейді еліміздегі көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

Ал Жамбыл облысының бағытындағы «Шақпақ баба» асуында қазір арнайы техника түрлері жолдарды тазартуға кіріскен. Машат пен Қазығұрт асуларында да жағдай осындай деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаменті. Ащысай бағытында қалыңдығы 30 см.-лік қар жауып, бірнеше көлік жолда қалып қойған. Департамент мамандары ондағы адамдар мен көлік санын анықтауда.

Related posts

Пікір қалдыру

1 пікір - "Кентауға қарасты Ащысай елдімекенінде қар астында қалған адамдар мен көліктерді құтқарып жатыр"

Маған хабар беру:
777
Іріктеу::   соңғыларын | алғашқыларын | танымалдарын

АЩЫСАЙдан тек журек жуткандар журмесе оту мумкин емс кой. Кыстын куні кыдырган оларда куады екен

wpDiscuz