Облыс орталығынан шалғайда орналасқан Кентау қаласы да торқалы тойға тартуын аямауда. Күні кеше, Кентау ҚІІБ-нің жаңартылған әкімшілік ғимаратының ашылу салтанаты өтті.
Көп жылдар бойы шашыраңқы отыратын ішкі істер бөлімі енді бір шаңырақтың астына жиналды. Қала ортасында қаңырап тұрған бес қабатты ғимаратты жөндеп, замануи тұрғыда жабдықтауға республикалық бюджеттен қомақты қаржы бөлінген. Енді міне, 2010 жылы құрылысы басталған ғимарат тәуелсіздікке тарту ретінде пайдалануға берілді.
Кентаулық тәртіп сақшыларының қуанышын бөлісуге облыс әкімі Асқар Мырзахметов пен облысытық ішкі істер департаментінің басшысы А. Оспанов қатысып, қызметтік көліктердің кілтін табыстап қайтты.
Жеке құрамында 170-тей адам қызмет ететін ішкі істер бөлімінің ғимаратында полицейлерге барлық жағдай жасалып, компьютерленген.
Осындай тамаша тартуға ие болған тәртіп сақшылары қаладағы қылмыстың санын азайтуға ерекше екпіннен ат салысады деп есенеміз.