Әзілді сағынып қалған болса керек, Халықтар Достығы үйіне жастар көп жиналды. Сығылыса, орын алып қалуға тырысқан олардың бұл келісі әрине ойыншыларды қуантты. Алайда есік аузында кедергілер де болмады емес. Ебін тапқандар ойынды тамашалауға мүмкіндік алды. Бұл әрине бастысы емес.
Шымкентте Жайдарман премьер лигасының республикалық ақтық сыны өтті. Ойынға Қазақстанның өзге де қалаларынан 8 команда қатысты. Жігіттермен иық тіресе, бағын байқауға Алматыдан келген жалғыз қыздар командасы «Тек қана қыздар» да бар.
Жетісайдың мақтасы мен өзбек әні, Қызылорданың күріші де сыналды. КТК ойындарының Қазақстандағы негізін қалаған Есен Елеукеннің көк көйлегі де әзілқойлардың назарынан тыс қалмады.
Премьер лиганың үздіктерін анықтау жарысында Алматының «Арман қаласы», Тараздан келгендар және Қызылорданың «Кеш жарығы», Шымкенттің «Аюдың қонжықтары» әдемі әзіл мен ұтымды қалжыңды ортаға салды.
Ал шымқаламыздың намысын жақында ғана Алматыда өтпен премьер лиганың чемпионы атағын жеңіп келген ОҚМУ-дың Тәуке хан 5 командасы да қорғады. Перзентханадағы жағдай мен махаббат машахаты, Алматыдағы метро олардың басты тақырыптарына айналды десек те болды. Тек жеңістерден көрініп жүрген топ мүшелері таланттының тоқпағы тас жарып шығатынына сенімді.
Ал олардың сөз саптау өнері мен ұтымды қалжыңды тамырдан дөп басып айтып, қарсыластарын сөзден жаңылдыра білген тұстарын жаңылмай аңғаратын қазылар алқасы спортшылар мен жастар ұйымының басшысынан, бұрынғы экс ктк ойыншыларынан құралды. Ал тамашалауға көптің көзайымына айналған «Көз тимесіннің» жігіттері де келіпті. Сондықтан кемшіліктер де айтылмай қалмады.
Осылайша жиналғандар күлкіге қарық болып, езулерін жия алмай қайтты. Олар көптен бері мұндай сәтті шыққан әзілдердің болмағынын айтады. Біз қазақ ктк ойындарында есте қаларлықтай етіп ойнайтын ойыншылардың өсіп келе жатқанына қуандық. Қорытынды бойынша бірінші орын Шымкенттік «АИУ-дың қонжықтарына» бұйырса, екінші орынды ОҚМУ-дың командасы «Тәуке хан-5» алды. Ал үшінші орынға Алматының «Арман қаласы» лайықты деп танылды.