Ленгірде спорт алаңшасы ашылып, пәтер кілті табыс етілді

Төлеби ауданының Ленгір қаласында да көпқабатты үйлер пайдалануға берілді. Алатау шағынауданындағы 3 коммуналдық үй пәтерлеріне негізінен тұрмысы төмен отбасылар қоныстанды. Бұл жобаның құны 11 млн. теңгені құрайды. Бұл қаржы республикалық бюджеттен бөлінген.

Әрбір пәтердің көлемі 58 шаршы метрді құрайды. Бір қызығы көпбалалы отбасымен бірге, коммуналдық үй тұрғындарының арасында аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы мен салық басқармасының жетекшісі де бар.

Мұнан басқа осы күні ауданда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бірқатар спорт алаңшалары да ашылды. Оның құны 43 млн. теңгені құрайды.