Жаңалықтар 

Шымкенттіктер сапасыз жылуға төлемақы төлемейміз деп отыр

Көпқабатты үй тұрғындары пәтерлеріндегі мардымсыз жылу үшін төлемақы өтеуден бас тартуда. Қажет болса сотта да тұтынушы ретінде құқығымызды дәлелдеуге дайынбыз дейді олар. Ал 3-Энергоорталық АҚ өкілдері мекеме өзіне жүктелген міндетті тиісті деңгейде орындап отыр деп санайды.

Сапасыз жылу үшін төлем жасаудан бас тартып, сотқа жүгінгендердің бірі – Темірлан тас жолындағы №34 үйдің төрағасы Аманқұл Күмісбек. Жылуға қатысты елдегі бар заңдылықтармен және құжаттармен қаруланған тұрғын 3-энергоорталықтың мамандарына элеватор түйінінің өзінде тиісті гидравликалық режимнің сақталмайтынын дәлелдеумен әлек.

Пәтерінде жылу болмағандықтан балаларының үйінде тұрып жатқан Татьяна Звонареваның 3-энергорталығымен соттасқанына біраз уақыт болды. Мекеме алдындағы берешегінің жарты бөлігін өтеп те алды. Қалған соманы төлеуден бас тартуда.

“Пәтерінде жылу құбырларын кесіп тастаған. Берекеміз қашты” деген Қуаныш аға да сапалы жылу болмаса, бір тиын да төлемеймін деп тісін қайрап отыр. Үй төрағасы әрбір тұтынушы өз құқығын сотта өзі қорғамаса, монополистермен күресуде дәрменсіздік басым дейді ол. Ал жылуберушілердің бұған қатысты өз уәжі бар.

“3-Энергоорталық” АҚ -ның жылу жүйесі бойынша инженері Шухрат Анарметов:Бұл үй жылу қабылдауға дайын емес еді. Қарашаның 25-де толығымен жүйеге қосылды. Ауа температурасына сәйкес жылу берілуде. Пәтерлерде жылу бар.

Сөйтіп, әр тарап өз әрекетінің дұрыстығын дәлелдеуде. Алайда бұл өзекті мәселеге сот органдары ған шешуші нүкте қоя алады.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz