Жаңалықтар 

Мереке алғаш рет Тәуелсіздік саябағында тойланды

Желтоқсан оқиғасының 25 жылдығы мен Тәуелсіздіктің 20 жылдығы оңтүстік өңірінде де жастардың қатысуымен тойланды. Мереке жаңадан салынған Тәуелсіздік саябағында қалалықтардың басын қосты.

Көпшілікке ерекше көңіл- күй сыйлап, әнмен әрлегендер облыстық балалар және жасөсіпірмдер орталығы мен бірнеше балалар саз мектебінің өнерпаздары. Бірінен соң бірі сахнаға шыққандар ауа райының суықтығына қарамастан барынша мерекенің көңілді өтуіне ат салысты.

Саябақтың әсемдігі мен торқалы тойды тамашалауға келгендердің дені жастар және немересін ерткен әжелер мен бала-шағасын көтерген ата-аналар.

Мереке ертеңінен кешкі 8-ге дейін жалғасты. Тұрғындарды кешкісін әсіресе облыстық әзіл-сықақ театрындағы “Бірқақпай” тобының өнерпаздары өнерлерімен тәнті етті. Жас әзілкештердің “Астанадағы шымкенттіктер” атты әзілдері  жиналғандарды күлкіге кенелтті.

Ал Майкл Джексонның биін салған музыкалық колледждің студенті  қалалықтардың ерекше қошеметіне бөленді. Концертті түрлі отшашулар аяқтады. Осылайша жастар әдемі мерекенің куәсі болды.

 

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz