«МузАрт» тобы жаңа жыл мерекесін отбасымен қарсы алады

МузАрт

Биыл өздерінің 10 жылдық мерей тойларын атап өткен «МузАрт» тобы жаңа жыл мерекесін өз отбасыларында атап өткенді жөн санапты. Өнердегі өзгеде әріптестері секілді жаңа жылға тындармандары үшін сый ретінде «Неге сені сүйдім ай » атты жаңа ән жаздырды. Егер жаңа ән халықтың көңілінен шықса онда оған бейне клип түсірмек ниетте.

Желтоқсан айының басында концерттік кештерімен Шымкент қаласына гастрольдік сапармен келген топ, ендігі сапарын Батыс өңіріне арнамақ.

Қазір осы мақсатта МузАрттықтар қарқынды түрде дайындыққа кірісіп те кетті.