ОҚО полицейлері 500 заңсыз мигрантты қолға түсірді

153

«Мигрант» операциясының шеңберінде 6 күннің ішінде Қазақстан шекарасын заңсыз өткендер анықталып, 551 адамға 4 миллион теңге айыппұл салынды. Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы заңсыз жүрген мигранттарды іздеу жұмыстарына 827 полиция қызметкерлері жұмылдырылған болатын. Нәтижесінде еліміздің миграция заңдылығын өрескел бұзған 10 шетел азаматы өз еліне қайтарылды. Сондай-ақ 292 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ОҚО Мақтаарал ауданының ІІБ-нің қызметкерлері заңсыз көші-қонды ұйымдастырған ҚР азаматының үстінен ҚР ҚК-нің 330-2 бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Басқа да көші-қон заңдылығын сақтамағаны үшін 306 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 миллион теңге айыппұл салынды.

«Мигрант» операциясының арқасында іздеуде жүрген 8 қылмыскер қолға түсті. Шымкентте өз Отанында ұрлық жасап іздеуде жүрген іздеуде жүрген, 1960 ж. туылған Өзбекстан азаматы құрықталды.