Облысымызда денсаулық күні аталып өтілді

Денсаулық күнін атап өтуді балақайлар доппен ойнаудан бастады

12-желтоқсан Ұлттық денсаулық күні. Осыған орай республика бойынша «Денсаулыққа 20 қадам» атты акция өтуде. Салауатты өмір салтын және азаматтардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін насихаттауға бағытталған шаралар облысымызда жалғасын табуда.

Бүгін №9 «Аққанат» балабақшасында бүлдіршіндердің қатысумен денсаулық сабағы өтті. Спорттық киім киген балақайлар әуен ырғағымен түрлі жаттығу жасап, денелерін шынықтырды, ойындарға қатысты. Сондай-ақ дұрыс тыныс алу жолдарымен таныстырып, дем ала білуді үйрету сабақтары да жүргізілді.

Ақбидай балабақшасының бүлдіршіндері бүгін әдеттегіден де белсенді. Гигиеналық шараларды сақтап, кезек -кезек ауыздарын шайып, таңғы жаттығуға кіріскен олар денсаулық күнін осылай атап өтуде. Денелерін шынықтырған олар келесі кезекте ауырып қалған сәтте жасалатын емдік жаттығуларды