Еңбекші аудандық сотында ерекше сот процесі басталды. Ең алғаш рет он-лайн режимінде өтіп отырған сотта мерзімінен бұрын шартты түрде бас бостандығынан айыруға қатысты мәселе қаралды.
Бір қарағанда әдеттегідей процесс болғанымен, сот залында қорғаушы жақ пен судья және мемлекеттік айыптаушы орган өкілі ғана бар. Сотталушының орны бос. Ол колонияда.
Есқанат Мусанов қарақшылық шабуыл жасаған деп айыпталып отыр. Мерзімін өтеу барысында ол өкпе құрты аурына шалдыққан. Сол жұқтырған ауру ашық түрдегі формасы болғандықтан бүгінгі отырыста он-лайн тәртібіндегі бейнеконференция негізінде өтті.
ИЧ 167/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан оның ісін Еңбекші аудандық сотының судьясы Берик Қарым қарады.
«Процеске қатысушылардың қауіпсіздігі үшін осы он-лайн жүйесін таңдадық. Оның үстіне бұл тубзонада ауруы асқынып, ашық формаға көшіп кеткендер көп. Бұрындары сот отырысына қатысушылардың барлығы сол аумаққа баратын, жұқтырып алу қауіпі де болатын. Негізі осы жүйенің қолданылуы орынды болды. Бұл жерде сотталуышының құқығы шектелмейді, сондықтан алдағы уақытта дәл осы процесс жалғасын табады.»- дейді судья.
Судья барлық құжаттарды қарай келе, жасалған қылмыс азаматтың жазасын жеңілдетуге заң тұрғысында негіз бола алмайды деп шешті.