Кей жағдайда кішкентай балалар әр нәрсеге қызығып, күлкілі жағдайларға тап болып жатады. Соның бірі, 3 жасар бүлдіршін тосқышқа басын сұғып, қайта шығара алмай қалған. Тіпті оған анасы да қолұшын соза алмаған соң, құтқарушыларды көмекке шақыруға тура келген.
Төтенше жағдай қызметкерлері оны босатып жатққанда, бала еш қарсылықсыз, тыныш отырған. Оның кедергі жасамауы үшін мультсериалды қосып қойыпты. Құтқарушылар жауапкершілігі мол мәселені қиындықсыз шешті. Олар орындықты екіге сындырып, балақайды аман-есен анасына тапсырды. Ал анасының қызметкерлерге алғысы шексіз еді.