Параолимпиада чемпионының пәтер мәселесі шешілмей отыр

316
Анастасия Соболева

Анастасия Соболева қалада пәтер жалдап тұрады. Мұны облыстық туризм және спорт басқармасының бастығы Болат Қырықбаев жария етті. Жалданған пәтерде Настя өзінің күйеуімен Лондонда өтетін параолимпиадаға дейін тұрады. Ол басы байлы пәтер алу үшін, осы сында жеңіске жетуі тиіс. Сонда ғана спортсмен қыздың пәтер мәселесі шешіледі дейді сала басшылары.

Еске сала кетейік, 21 алтын медаль иегері, түрлі халықаралық және республикалық, турнирлердің жеңімпазы мүмкіндігі шектеулі жан Настя үйсіз қалған болатын. Осыдан бір жыл бұрын қалалық әкімдік бұл аруға жатақхана бөлмесінің кілтін табыстаған болатын.

Алайда, араға ұзақ мерзім салып, жазда келген оның бөлмесі арнайы мөр басылып, жабық тұрады. Керек десеңіз, оларды киім-кешегін алу үшінде ішке кіргізбеген. Себебі жатақхана сатылып кеткен көрінеді.

Бүгінде Соболева өзінің жолдасымен қаладан 30 шақырым алыс орналасқан саяжайда бітпеген үйде тұрып жатыр. 4 жылдан бері көзі көрмейтін параолимпиада жеңімпазы жаттығу жұмыстары үшін қалаға қатынап жүр.