Жаңалықтар 

Патриоттық клип 300 000 теңгеге бағаланды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған патриоттық бейне клиптер байқауы өз мәресіне жетті.

Байқаудың мақсаты әрбір Қазақстан азаматының Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін, құрметін арттыру, қазақ халқының тарихы,мәдениеті, салт-дәстүрі туралы тағлымы мол мәліметтер беру арқылы көрермендердің патриоттық, отансүйгіштік сезімін ояту, әдептілікке үйрететін тәрбиелік мәні бар, сапалы бейнеклиптерді насихаттау.

Сынға қатысқан жұмыстарды білікті, кәсіби мамандардан құрылған қазылар алқасы сарапқа салды. Қазылар алқасы патриоттық тақырыпта түсірілген жұмыстардың сапасына, шығарманың мәтініне, оның жоғары деңгейде орындалу шеберлігіне баса назар аударды. Ал байқаудың жүлделері: бас жүлде-300 000, 1-орын -250 000, 3-орын – 100 000 теңге сыйақы алды

Сонымен талап бойынша аталған байқауға 20 туынды ұсынылды. Барлығыда патриоттық тақырыптағы әндер.

«Негізінде телеарналарда мағынасы зор бейне клиптерді тегін көрсету» керек-дейді «ақын жазушы» Бақытжан Ауданбаев. Жылдан-жылға аталған байқауға қатысушы бейне клиптердің сапасы жоғарылауда. Әрине барлығы да қаржыға келіп тіреледі. Ал егер сапалы дүниені түсіремін десеңіз қалтаңызда 5-6 мың доллар болуы керек дейді ол.

Қорыта келгенде: Бас жүлдені «Қайсар қазақ» әнімен Әлия Әбілқайыр алса, ал бірінші орын «Жаңа ғасыр Қазақстан» әнімен Нұрлан Еспанов иемденді. Екінші орынды «Елім-елім-ай» әнімен Өмірқұл Айниязов алса, Үшінші орынға «Қара-ай көзім» әнімен Әлия Әбікенова лайық деп танылған.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz