Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ресей азаматтары да елдегі мемлекеттік думаның депутаттарын сайлауға мүмкіндік алды. №7-ші Қарсыбай Сыпатаев атындағы мектеп-лицейінде орналасқан сайлау учаскесіне өз дауысын беруге ондаған отандастар келді.
Көші-қон полициясының мәліметі бойынша, облыста 1 жарым мың Ресей азаматы тіркелген, Шымкентте олардың қатары 700-ге жуық.
Консул бастаған ресейлік дипломаттар облыс орталығындағы Даңқ Мемориалына барып, Ұлы Отан соғысында қаза болған ардагерлердің ерлігіне тағзым етті. Бұл шараны қонақтар екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Москва түбіндегі шайқастың 70 жылдығымен байланыстырды.
Орталық Азиядағы бірегей мемориалдың осылайша бой көтергеніне ерекше баға берген дипломатиялық ведомство өкілдері осындай орасан зор жұмыс жасаған облыс сәулетшілері мен құрылысшыларға, облыс басшылығына ризашылығын білдірді. Алып кешен ТМД елдерінде де жалғыз дейді олар.