Сайлауды біріктіріп өткізуден еліміз 4 миллиард теңге үнемдейтін болды

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос: «Парламент мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттары сайлауың бір уақытта өткізу ел бюджетінің үлкен қаржысын үнемдейді» — деп мәлімдеме жасады.

Сондай-ақ, Сайлауды ұйымдастыру мен компанияны жүргізуге 8,2 миллиард теңге, яғни 55 миллион АҚШ доллары жұмсалады, сайлауды біріктіріп өткізудің нәтижесінде 4 миллиард теңге қаржы, яғни 30 милион доллар үнемделеді.

Қаңтардағы сайлауды бақылауға қазіргі таңда 47 шет елдік бақылаушылар акредитациядан өтті (ЕҚЫҰ-нан 46, ТМД бақылаушылар миссиясынан — 1).