Жаңалықтар 

Салық төлеңіз, әйтпесе, темірторға тоғытыласыз

Қазақстан Республикасының салық туралы әкімшілік кодексіне осындай өзгерту жасалды.

Ол салық туралы заңнаманың 208-1 және 209-бабына енгізілген. Бұл салық төлеуге сай туындаған құқықбұзушылық пен салықты міндетті төлеуге байланысты өзге де келеңсіздіктерге қатысты ұйымдастырылып отырған шара. Егер де бұрындары мұндай заңбұзушылық үшін айыппұл ғана төлеп жүрген болсаңыз, енді 45 күнге дейін қамауға алынуыңыз ғажап емес.

Бастапқыда салық төлеуге байланысты ауытқумен салықшылардың өзі айналысатын. Әкімшілік хаттаманы да өздері толтыратын. Енді бұл құзіреттің бәрі сот жүйесіне берілді.

Заңнамаға енгізілген жаңа өзгерістерді салықшылардың да қуана құптағаны рас. Өйткені, заңның қаталдануы нәтижесінде тәртіпке бағынғысы келмейтіндердің қатары азаяды емес пе?! Соның арқасында бюджетке түсер салымның көбейетіні заңды.

Related posts