Санитар дәрігерлер супермаркеттердегі мерзімі өтіп кеткен тауар үшін уәж қабылдауға кірісті.
Сапасыз және сақталу мерзімі өтіп кеткен азық-түліктер енді базарлар мен супермаркеттерде тұрмайтын болды. Өйткені санитар дәрігерлер оны қатты қадағалауға алды.
Егерде сіздің дәл осы сапасыз тауар төңірегінде сауалыңыз немесе шағымыңыз болса, 54-27-85 және 39-06-27 телефондарына хабарлассаңыз болады. Шымкентте сапасыз тауарды қадағалайтын арнайы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет құрылды.
Оның мамандары керек десеңіз, 31-желтоқсан күні де кезекшілікке тұрып, келіп түскен қоңырау бойынша жұмыс істеуге дайын.
Ендеше, тұтыныушы, бүгіннен бастап, өз құқығыңызды таптатпай, сапалы тауар алыңыз!