Шардарада жоғалған балықшыларды іздеу жалғасуда. Бірақ қалың тұман мен жауған қар кедергі келтіруде

236
балықшылар әлі жоқ

Із-түссіз жоғалған балықшылар әлі табылмады. Бізге мәлім болғандай, іздеу жұмыстары бір минутқа да тоқтамапты. Сонда да құтқарушыларға жауған қар мен түскен қалың тұман қатты кедергі келтіріп жатыр.

Еске сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Шардара суқоймасында екі азамат жоғалған болатын. Екеуі де Жиделі ауылының тұрғындары. Бірі 24 жаста болса, екіншісі 27-де. Олардың сол кезде мінген қайықтары табылғанымен, өздері әлі жоқ.

Полицейлердің пайымдауынша, олардың бірі қайықтан құлап суға кеткен де, екіншісі құтақарымн деп артынан секірген көрінеді. Не болса да, тексеру жұмыстары аяқталған соң, бәрі айқын болмақ. Ал әзірге іздестіру жұмыстары қарқынды түрде атқарылуда.