Шымкент қаласы әкімінің шырша тойы өтті

250
Ұлу жылы келді

Балаларға мерекелік тарту жалғасуда. Жаңа жыл қарсаңында көңілі жарым балдырғандардың басын қосқан Шымкент  қаласы әкімінің шырша тойы өтті.

Қалалық балалар балмаскарадына 110 балдырған арнайы шақырылыпты. Әдеттегідей жаңа жылдық қойылым аясында жасыл шыршаны айнала ән мен жырға бөленген көңілді кешке ұласты. Мұндай балды жетім және ата-анасының қарауынсыз қалған, сондай-ақ жағдайы төмен отбасылардың балалары үшін қала әкімдігі ұйымдастырыпты.

Арман Жетпісбаев, Шымкент қаласының  әкімі: «Біздің балаларға бақытты балалық шақ тілеймін. Әрдайым жүздерінен қуаныш кетпей, елімізді гүлдендіре бергей.»

Балалар мерекесінің бас кейіпкерлері: Аяз ата, қарша қыз, жалмауыз кемпір, қарқыздары арнайы қойылымдарымен оларды ертегілер әлеміне саяхаттатса, 2012 жылдың еншісіндегі ұлу келіп, қуаныш сыйлады.  Әрбір балдырғанға қала әкімінің және «Жинақ банк» ұжымының атынан бағалы сыйлықтар тапсырылды. Мерекелік тартуға риза болған олардың қуанышында шек жоқ.

Ал әлеуметтік жағадайы төмен балдырғандарыға көмек қолын соөып, демеушілк жасауды міндет еткен Жинақ банк ұжымы мұндай сыйлықтар толастамайды дейді.