Шымкентте «Сайра сырнай» облыстық байқауынан Республикалық дәрежеге жетпек.

байқау

Байқауға аудан-қалалардан өнерпаздар қатысты. 30 үміткер сахнада талантын таразылады. Олар: ансамбль мен оркестрлер, балалар саз мектебі, сырнайшылар мен әуесқойлар және ЖОО-ы мен орта арнаулы оқу орындарының шәкірттері. Ансамблдер мен оркестрлер арасында «Жетісаз» бірінші орынды иемденді.

«Бүгін біз ұмыт болып кеткен әндерді тыңдап ерекше сезімге бөлендік»- дейді көрермендер.

Ал ұйымдастырушылар мен қазылар алқасының мүшелері аталған байқауды Республикалық дәрежеге көтеру мәселесін қарастырмақ. Өйткені жыл өткен сайын «сайра сырнай» байқауына қатысушы үміткерлердің саны өсуде. Тіпті өнерлі жандардың шығармашылығын демеуге сонай Тараз, Өскемен қалаларынан арнайы қонақтар келіпті. Ал Гала-концертке Қазақстандағы Ресей Федерациясының вице-консулы келіпті.

«Байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылыпты. Соңғы уақытта мұндай меркелік кешті көрмеген едім. Көңіл күйім көтеріліп, ерекше сезімге бөлендім. Ұйымдастырушы азаматтарға айтар алғысым шексіз»-дейді Алексей Симонов.