Шымкентте жаңа жыл қарсаңындағы мерекелік іс-шаралар басталды. Соның алғашқысы «Тәуелсіздік» саябағында орналасқан Мәскеу қаласынан әкелінген 18 метрлік шыршаның жағылуы.
Ханшайымдар мен ертегі кейіпкерлері Аяз атамен қарша қызға ұнауға барынша тырысып бақты. Олар түрлі түсті шамдармен безендірілген шыршаны айналып жаңа жылда тек жақсылықтың болуын тіледі.
«Биылғы жаңа жыл ерекше болмақ» -дейді Аяз ата. Өйткені біз ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерей тойын атап өтпекпіз. Бұл ұлы мереке. Сондықта оны кішкентай балаларға барынша түсіндіруіміз керек дейді ол.