Ел тәуелсіздігінің торқалы тойы қарсаңында ОҚО жастары бас қосып, форум өткізді. Мұнда олар «Біз тәуелсіздікке не бердік?» тақырыбында баяндама жасап, өзара пікір алмасты.
«Тәуелсіздік- жастар көзімен» атты форумға бас партияның облыстық филиалы өкілдерімен, «Жас Отан» жастар қанатының белсенді мүшелері және жоғары оқу оырндары мен орта арнаулы оқу орындарының белсенді студент жастары қатысты. Жас болса да, бас болып жүрген олар мемлекетіміздің жеткен жетістіктері мен алдағы уақытта атқарылатын істеріне кеңірек тоқталды.
Әсіресе, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің белсенді студенттері ұтымды ойларымен көзге түсті. Олардың ішінде жас ассамблея ұйымының мүшесі Клименко Александр таза қазақ тілінде сөз сөйлеп, қазақ жастарын мемлекеттік тілді құрметтеуге шақырды.
Форум аясында патриоттық рухты көтеретін жалынды сөздермен, қонымды әңгімелер көптеп айтылды. Міне, осылайша, тәуелсіз елдің жастары елін, жерін, тілін құрметтеп, қастерлейтіндігін тағы байқатты.