Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған сегіз кітап жарық көрдіЖаңалықтар 

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған сегіз кітап жарық көрді

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған сегіз кітап жарық көрдіТәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойына арналып сегіз кітаптың тұсауы кесілді.

«Елбасы Оңтүстікте», «Қазақстанға ыстық ықыласпен», «Атажұртты аңсау», «Өз елім Қазақстаным», «Қазақстан құт береке мекені», «Жасампаздыққа толы 20 жыл», «Ырыс алды — ынтымақ» сондай ақ, «Оңтүстік — ойлы мекенім» атты кітаптар топтамасы екі және үш тілде жарық көрген. Бас-аяғы бір жылдың көлемінде дайындалған басылымдар мың және бес жүз данамен шығарылыпты. Бірнеше бөліктен тұратын кітаптар топтамасында Тәуелсіздік алған жылдарда Оңтүстіктің  жеткен жетістіктері жарқын суреттермен кеңінен баяндалады.

20 жылда жеткен жетістіктерді тізген Оңтүстіктегі белді газет ұжымдары. Кітаптар топтамасының «Қазақстан — құт-береке мекені» кітабын «Рабат» және «Оңтүстік Рабат» газеттерінің ұжымы құрастырған. Бұл басылымда Қазақ елінде тұратын шетел азаматтарының пікірлері мен мемлекетті басқару жүйесіндегі оңды жұмыстар қамтылған.

Фарида Шарафудинова, «Рабат» газетінің бас редакторы: «Қазақстанның басты құндылықтарының бірі бұл еліміздегі ұлт аралық татулық. Еншімізге берілген кітапта Қазақ жеріндегі осы ауызбіршілікті жазуға тырыстық. Бұл ретте, бізге облыстағы мәдени орталықтар көп көмек берді».

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған сегіз кітап жарық көрді

Сондай-ақ, Елбасының оңтүстікке сапарлары мен оралмандар жайлы, Тәуелсіздік жылдарында өңірімізде жүзеге асқан игі істердің бәрі де осы жолы жарыққа шыққан кітаптардың ішінде. «Оңтүстік Қазақстан» мен «Южный Казахстан»сондай-ақ, «Шымкент медиа» мемлекеттік кәсіпорыны басылымдарды құрастыруға атсалысқан ұжымдар қатарында. Ал «Жасампаздыққа толы 20 жыл» кітабын «Ордабасы оттары» газетінің ұжымы баспаға дайындаған.

Мың және бес жүз данамен жарық көрген сегіз түрлі кітап сатылымға шығарылмайды дейді ұйымдастырушылар. Ал олардың тағы да басылып шығуы оқырманның сұранысына сайкес жүзеге аспақ. Жарық көрген кітаптарды оқығысы келген оқырмандар оларды облыстағы кітапханалар мен жоғары оқу орындарынан таба алады. Ал осы жұмыстар үшін облыстық бюджет 18 миллион теңге бөлген.

 

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz