«Қандай батыр? Сендерде айтады екенсіңдер дейді инженер энергетик Михаил Михайлович Сердюков, —Менің орнымда басқа біреу болса, ол да осылай жасар еді. Дені сап-сау ер азаматтың бірден төсек тартып ауырып қалғанын есітіп алғашында таң қалғандар болды. Ал «абайсызда шағын өзенге түсіп кеттім дегенге әрине ешкім сенбеді. » Барлығы соңынан анықталды.
«Мен бейсенбі күні жұмыстан кейін үйге жаяулатып келе жатқанмын. Бір кезде менің алдымнан кескелеп бір әйел шамамен бес жасар қызымен өте шықты. Менен ұзамай-ақ әлгі әйел көршісін кездестірсе керек, көпірдің үстінде тұрып келесі бір келіншекпен әңгімелесіп тұр екен. Ал менің ойым бірден қызға түсті. Өйткені ол анасының қасында жоқ болатын. Ол шағын өзеннің бойындағы үлкен құбырдың үстінде тұр екен. Бір кезде әлгі кішкентай қыз суға түстіде кетті. Уақытты созбай-ақ мен бірден суға беттедім де, кішкентай қызды судан алып шықтым»,- деп еске алады сол кездегі оқиғаны Михаил Михайлович Сердюков.
Михаил қызды жағаға алып шығады. Ал оның анасы кішкентайды сырт киіміне орап алып кетеді. Қызды судан алып шығып, малмандай су болған ер азаматты ешкімде елемей оған судан шығуға көмек бермей, тіптім алғыста айтпай кетіп қалады.
Ертесіне жұмысқа шықтым. Келесі күні мұрттай ұшып дене қызуым көтеріліп, бірден төсекке таныл