Терактіге қатысты тағы бірнеше күдіктінің ісі қаралуда

Елді дүрліктірген қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс ашылып, терактіні ұйымдастырған 6 адам қолға түсті. Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылғы 12 қарашада Тараз қаласында 1977 жылы туған, Кәриев Мақсат деген лаңкес құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне оқ жаудырып, 5 қызметкердің және 2 бейбіт тұрғынның өмірін қиып, 3 полиция қызметкеріне оқ тиіп, жарақат алған-ды. Ал Кәриев өзін-өзі жарып жіберген болатын. Бұл жайында өткен Бас прокуратурадағы брифингте айтылды.

НҰРДӘУЛЕТ СҮЙІНДІКОВ, ҚР БП РЕСМИ ӨКІЛІ: «Қазіргі таңда осы қылмыстарды ұйымдастыруға қатысы бар деген күдік бойынша 6 адам, оның ішінде ағымдағы жылдың басында құрылған және құрамына Кәриев кірген қылмыстық топтың рухани жетекшісі ұсталды. Топтың жоспарына дүкендерді, банктерді, ақша айырбастау пунктерді тонау және қарақшылық шабуыл жасау кірген. Аталған адамдардың әрқайсысының бұрын да қылмысты болғандарын және пайдакүнемдік күш көрсету қылмыстарын жасауға араласуын атап өту қажет».

Сараптама көрсеткендей, 12 қарашада Тараз қаласында 7 адамның өмірін қиған Мақсат Кәриев қылмыс жасаған кезде есірткілік масаң күйде болған. Осылайша ұйымның жоспарларын іске асыру үшін Мақсат Кәриев қылмыстық топтың өзге мүшелерінің көмегімен танкке қарсы қолданылатын гранатомет қаруын алған, сондай-ақ граната, «ПМ» тапаншасын, 16-калибрлі және шағын калибрлі винтовкадан жасалған екі аңшылық шолақ мылтық сатып алған. Ол аталған қаруларды өз үйінде сақтаған, кейін екі сыбайласы тұрып жатқан пәтерге әкелгені анықталды. Ұйымдасқан топ құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасауға байланысты мәселелерді талқыланған. Бас прокуратураның хабаралуынша,топ жетекшісі облыстық ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимараттарының нұсқасын сызып көрсеткен. Кәриевті лаңкесті орындаушы деп айқындаған. қазір тергеу жұмыстары жалғасуда.