ОҚО опера және балет театрының өнерпаздары Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай Джузеппе Вердидің «Травиатасын» көрермендерге ұсынды. Айта өтейік бұл опера осыған дейін сахналаған. Виолеттаның рөлін «Нихол» мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ташкенттік Гүлнар Әлжанова орындады.
Өзге де басты кейіпкерлер өз партияларын итальян тілінде орындады. Альфредтің образын халықаралық конкурстардың лауреаты Ерлан Жандарбай сомдады. Травиатта оңтүстік көрермендерінің сүйікті операсына айналған.