Жаңалықтар 

ВИЧ инфекциясын жұқтырған адамдар қоғамнан аластатылмайтын болған

Қазақстанда ресми түрде ВИЧ инфекциясын жұқтырған 17 457 адам тіркелген. Оның ішінде 2003 азамат Оңтүстік Қазақстан облысынан болса, биылдың өзінде 151-і қауіпті вирусты жұқтырып үлгерген.

ЕҢ атышулы ВИЧ жұқпалы індетке қатысты оқиға оңтүстік өңірде 2006 жылы орын алды. Алайда соттың тексерулері мен кінәлілерді іздестіргеннен кейін «Қоғам мұны қалай қабылдайды?» деген заңды сұрақ туындады.

Осы сәтте бірнеше үкіметтік емес ұйымдар бас көтеріп, үн қатты. Олардың бірі Вич-позитивті адамдармен бірге жұмыс жасауды қолға алса, екінші біреулер шымкенттіктерді жұқпалы дертті жұқтырғандардан қорықпай өмір сүруге үйретіп, оларды дұрыс қабылдауға үгіттеуге тырысты. Одан бері Шымқаламызда мыңдаған тренингтер мен дөңгелек үстелдар, акциялар өтті.

Ал кейбір қалалықтар вич-позитивті азаматтарға қауіптене қарауын қойды,- дейді өз сөзінде Қанат Әлсеитов.

1 жасар кезінде Қанаттың баласына ауруханада осыдан 6 жыл бұрын иммунодефицит вирусын жұқтырады. Қайғы айтып келмейді. Айрандай ұйып отырған отбасындағы қайғылы жағдай алғашында жанұяны есеңгіретіп тастады. Тас түскен жеріне ауыр болса да, олар бұған мойынұсынды, алайда өзгелер сияқты өмір сүруге тырысты және айналасындағыларға да ұлдарын қабылдауларына көмектесуге көшті.

Әлсеитовтар Оңтүстік өңірдегі балаларының ВИЧ екенін жасырмай, ашық айтқан алғашқы жанұя. 6 жасар Бауыржан өзімен қатарлас балалар сияқты ойнағанды, сурет салғанды жақсы көреді және ата-анасына көмектеседі. Оның жан-жақты дамуына мүмкіндігі мол, өйткені ата-анасы оның ВИЧ екенін жасырмайды.

Үйдің отағасы, Қанат бұл ісінің дұрыс екендігіне сенімді. Кішкентай Бауыржан биыл бірінші сыныпқа барды. Оның үстіне бұларды мектеп директоры мен оқытушылар, сыныптастарының ата-аналары қолдауда. Сыныптастары оған саусағымен көрсетіп, өздерінен аластатпайды.

Канат Алсеитов: «Мағам қоғамдық орта, айналамдағылар үлкен қолдау көрсетуде. Қазәр басқа заман. Адамдар сауатты және көп ақпардан хабардар. Сондықтан қазір бұрынғыдай шошып қарау мен қорқыныш, у-шу жоқ. Қайда жүрсек те адамдар бізді түсінуге тырысып, көмек көрсетуге тырысады».

Күн сайын Бауыржан бірнеше ең қажетті дәрілер мен сироптарды қабылдайды. Бұл ағзаның вирустарға төтеп беруіне көмектеседі. Қанат ұлы Бауыржан 8 жасқа толғанда оның ауруы туралы өзімен ашық сөйлесуге бел буып отыр. Ол баласының қоғамдық ортадан шеттеліп қалмауы үшін шындықты білгенін дұрыс санайды. Әкесі тағдырдың тәлкегімен жұқпалы ауруға шалдыққандарды қоғамнан алшақ ұстаған сайын, олардың күдігі де молая түсетінін айтады. Ал мүндай тұста вич-позитивті жандардың да өзгелер сияқты екендігін миллион рет айтудан талмайтын үкіметтік емес ұйымдардың еңбегі орасан.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz