ОҚО әкімдігінің жанындағы халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі 11 айда атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Жиында қабылданған шешімдердің бірі-медициналық қызметтің сапасын арттыру, дәрілік және медициналық заттар мен техникалық айналымы саласындағы іс шараларды күшейту.

Медициналық қызметті бақылау бөлімі бойынша алынатын негізгі көрсеткіштер. Ана мен бала өлімі, азаматтардың арыз шағымдарымен жұмыс істеу және қан айналымы аурулары. Нақтырақ тоқталсақ, ағымдағы жылдың 11 айында облыс көлемінде 10 ана өлімі тіркелді. Ал өткен жылғы осы мерзімде 17 ана өлімі тіркелген болатын. Департамент бұл мәліметтерді сараптап, олардың 75 пайызын амбулаторлық жағдайда алдын алуға болатын еді деген қорытындыға келген.

Ляззат ҚАШҚЫМБАЕВА, ҚР денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау бақылау комитетінің ОҚО бойынша департаментінің директоры:»2011 жылдың 11 айында облыста нәрестелер өлімі 1171.Былтыр осы мерзімде 1350 нәресте өлімі тіркелген. Олардың ішінде 100 жайдайда өлімнің алдын алуға мүмкіндік болған. 585 жағдайдв өлімнен аман алып қалуға ешқандай мүмкіндік болмағаны анықталды.»

Жүрек -қан айналымы аурулары бойынша көрсеткіштер де 11 айда 24 пайызға төмендеп, 100 мың халыққа шаққанда 157,6 көрсеткішін құрады. Былтыр ол- 206,4 болатын. Бұл жетістікке медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру бағытында жүргізілген жүйелі жұмыстың арқасы дейді департменттегілер.

Ғалымжан ӘБІШ, ОҚО денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары:» Жас мамандардың біліктілігін арттыру бағытында жұмыстар нәтижелі. Биыл 3 мыңнан астам қызметкердің кәсіби біліктілігі арттырылды. Олардың 3,1 шетелде.»

Фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімімен де аз жұмыс жасалған жоқ. 187 дәріханалық және медициналық ұйымдарына тексерулер жүргізіліпті. Оның барысында 13 мекемеде анықталған кемшіліктер бойынша әкімшілік құқықбұзушылық негізінде айыппұл салынған. Үйлестіру Кеңесінде қабылданған шешімдердің негізгісі- Медициналық қызметтің сапасын ары қарай арттыру болды.