Жаңалықтар 

Христиан зиратындағы қорымдарды қорлағанның соты жалғасуда

Әл-Фараби аудандық сотында қорымды қорлағандардың соты тағы да басталмақ. Олар сәуір айында сергелдең құрып, христиан зиратындағы өлілердің тыныштығын бұзып, қойылған ескерткіш тастарын сындырған бірнеше жас болатын. Тергеу жұмыстары аяқталып, кінәлілерді айыптау сотқа жолданыпты. Бірақ бұл процесс әлі аяғына жеткен жоқ.

  Владислав Сухинин, жәберленушілердің сенімді өкілі: « Сотталушы Арынов іздеуде болды. Қазір оны тапты, енді оған сот жақын арада әділ шешім шығарады.»

Жуық арада әл-Фараби аудандық сотында зияратты қор еткен Арыновтың соты басталмақ. Сәуір айының соңында, дәлірегі христиан күнтізбесі бойынша «ата-аналар күні» қарсаңында орын алған оқиғаның салдары бірнеше көктастың сынуымен аяқталған еді. Бұзақы жастар өлілердің мазасын алып, олардың қорын аблен қорлаған. Бұл топты полицейлер қолға түсірді.

Он сегіз ескерткішке зақым келген. Он бес адам арыз жазды, ал қалған үш марқұмның туыстары табылмаған. Келтірілген шығын бір жарым миллионға жуық.

Сот алдында кінәсін мойындаған олар, барлық ескерткіш тақтайшаларды қалпына келтіреміз деген болатын. Бірақ сот отырысынан кейін айыпталушы Арынов қашып кеткен. Оған іздеу жариялаған полицейлер оны бірнеше ай іздеген.

«Сотталушы Арынов жоғалмастан бұрын ескерткіштерді қалпына келтіруге кіріскен. Ол 12-14 ескерткіш тақтайшаны орнатты, бірақ кейбір жәберленушілердің өздері қойған ескерткішке материалдық шығынын төлемеген. Десе де, бұл сұрақ өз жауабын табады деген сенімдемін»- дейді жәбірленуші жақтың сенімді өкілі.

Айыпталушының мойнына жүз айлық есептік көрсеткіштегі айыппұл салынып, 3-4 жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл айыпталушыға жоғалған сәт тағылған айып болатын, бірақ сот өз бағасын берері анық. Егер сотталушы еш себепсіз қашып жүрген болса, онда әкімшілік жаза мен қылмыстық іс қозғалатынын ақиқат.

Related posts