Жәрмеңкеден қалып қоймаңыз

Күн суытқаннан бері қысқа қамданғандар жәрмеңкеде картоп пен пиязды қаптап алуда.

Сенбі күні Шымкентте Орталық әмбебап дүкені алдында, Қонаев даңғылы бойында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Биылғы жылдың соңғы жәрмеңкесінде сауда логистикалық орталығының көліктерімен жеткізілетін азық-түлік тауарлары тұрғындарға ұсынылмақ.

Бағасы базардағы нарықтан төмен өнімдер тиелген көліктерді табуға тырысыңыздар. Жаңа жылдық дастарханға қажетті тағам түрлерін қолжетімді бағамен аласыз деп сендіреді қалалық сауда бөлімінің мамандары.