Аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер Жаңа жылда 4 күн демалады
Елімізде бес күндік жұмыс кестесі бойынша еңбек ететіндер 4 күн, яғни 31 желтоқсанда, 1,2,3 қаңтарда демалады.
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға сәйкес, Жаңа жыл 1-2 қаңтарда атап өтілетін мемлекеттік мейрам болып табылады. Сонымен қатар осы заңның 5-ші бабы бойынша мейрам күні саналады.
Заңда: «Қазақстан Республикасындағы мейрам күндері жұмыс болмайды. Егер мейрам күні демалыс күніне сәйкес келсе, келесі жұмыс күні демалыс болып есептеледі» делінген.