Жанармайдың тапшы болуына ШНОС кінәлі емес

232
ШНОС

Шымкенттегі жанарамай тапшылығы мұның есірінен орын алып отырған жоқ. Аталмыш зауыттың техникалық директоры дәл осылай мәлімдеме жасады. Өйткені бұл зауыт автожанармай құю бекеттеріне мүлдем сұйық отынды жеткізбейді, сондақтан орын алып отырған дағдарысқа оларды кінәлау-негізсіз.

Сергей Пилипенко, «ПетроКазахстан Ойл Продактс» техникалық директоры:
«Жанармай құю бекеттерінде орын алып отырған жағдайдың бізге ешқандай қатысы жоқ. Зауыт өңделген мұнайды арнайы цистернамен немесе мұнайқұбырларымен тапсырыс арқылы базаға жібереді. Тапсырыс иелері өздеріне тиесілі еншісін алып, оны қайда, қандай мөлшерде қолданатылығындығы өз еркінде болғандықтан зауытқа еш қатысы жоқ. Ал өзімізде шикізаттың болмағанына біраз жылдар болды.»

Техникалық директордың сөзіне қарағанда, зауыттан дайын өнімді тасу күрделі жұмыс барысында да тоқтатылмаған. Ал қазір зауыт өзіндік күшімен жұмыс жасап жатыр екен. Тек АИ-92 мен АИ-96 маркалы жанармайдан басқасын шығарып жатқан көрінеді. Олардың тоқтауына өткенде ғана орын электр жүйесі салдарына орын алған апат алып келген.

Зауытты толық қалпына келтіру жұмыстары желтоқсан айының алғашқы күндерінің еншісінде. Сонда ғана, шымқаладағы жұртты дүрліктірген жанармай дағдарысы тоқтатылмақ.