Жол инспекциясы қызметкерлерімн бетпе бет жолыққанда туындайтын сауалдарға Tengrinews.kz ақпараттық порталы жауап іздеп көрді. Тілшілер Қазақстанның ІІД Жол полициясы Комитетінің порталына көптеп келіп түсетін сауалдарды негізге алды.
Олардың арасында жиі кездесетін сауал «Көлікке еліміздің жалауын ілуге бола ма?» (негізінде жеке автокөліктерге ілуге тиім салынған). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы тек Елбасымыз бен Еліміздің премьер министірі мен парламент депутаттары мінген көлікке ғана ілінуге рұқсат етілген.
Жолда кездесетін даулы мәселенің тағы бірі «Бағдаршам алдындағы тоқтау сызығы». Бұл ережені бұзған жүргізушіге бес айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салынады. Егер бұл сызықтан жүргізуші өтіп кетсе, онда ол бағдаршам белгісіне қарамай өз орнына тұру керек.