ОҚО тұрғынынан 86 бюллетень қолданыстан алынды. Бұл туралы брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Cүйіндіков хабарлады.
«Шымкентте №55 ОМ ғимаратында орналасқан №68 сайлау учаскесінің жанында полиция қызметкерлері азамат Әлібек Қазанғаповтың ОҚО мәслихат депутаттығын сайлауға дауыс беруге арналған 86 бюллетенді алып жүргенін анықтап, қолданыстан алды. Осы дерек бойынша қосымша тергеу жүргізілуде, оның ішінде бюллетендер тұпнұсқамен салыстырыла тексерілуде», — Н.Сүйіндіков.
Сонымен қатар,Бас прокуратураның мәлімдеуінше, Түркістанда белгісіз біреу 27 бюллетенді ұрлап әкеткен.
– Түркістан қаласында көшпелі комиссияның қолынан белгісіз біреу 27 бюллетенді жұлып әкетті, деп хабарлады брифинг барысында ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков.
Түркістан қаласында көшпелі комиссияның қолынан белгісіз біреу мүгедектердің үйде дауыс беруіне арналған 27 бюллетенді жұлып әкетіп, белгісіз бағытта ізін суытты. Осы дерек бойынша құқық қорғау органдары тексеріс жүргізуде», — деді Бас прокуратура өкілі.