Шымкент көшелеріне әлі қосымша 100 аялдама қажет

263
көлік жолаушылар

Қала аумағындағы аялдамалардың ахуалына сараптама жасаған қала әкімдігінің көлік бөлімі мамандары осындай қортынды жасады. Бүгін олар шаһардағы негізсіз аялдамаларды зерттеді.

Шымкент көшелеріндегі 800 аялдамаға тағы 100 аялдама қосылады. Одан бөлек жолдар кеңейтілмек. Жаңа көшелердің ашылуына байланысты кейбір аялдамалардың орны өзгертіледі. Мысалы, осыдан 10 күн бұрын Рысқұлов және Адырбеков көшелерінің қилысындағы аялдама 100 метрге жылжыған. Бірақ, бұл жаңалықтан жолаушылар бейхабар.

Жолаушылар қауіпсіздігі үшін жасалған жұмысқа қоғамдық көлік жүргізушілері немқұрайлы қарайды. Олар жаңа аялдамаға жетпей үйреншікті жерлеріне тоқтап жүр.

Бұдан бөлек, қала аумағында 10-нан астам негізсіз, жұрт шоғырланатын аялдама бар. Бүгінгі сараптама сол аялдамалардың басым бөлігі шахардан шыға беріс жерлерде екенін көрсетті. Мұндайда теҢге қуып жолаушылардың дегеніне көніп, айтқан жерінен көлік жүргізушілерін тәртіпке шақыратын құзырлы мекеме табылмай отыр.

Қала әкімдігіндегі көлік бөлімінің мамандары заңды бұзған жүргізушілерге әкімшілік шара көре алмайды. есесіне көлік компанияларымен келісімді қайта қарауға құзырлы. 2011 жылы 7 мекемемен келісім бұзылды және бірнешеуінің заңсыз әрекеті қаралу үстінде.