Спорт 

Шымкенттің хоккейшілері ҚР біріншілігіне дайындалуда

Ақпан айында ел біріншілігінің екінші кезеңі басталады. Алғашқы тур ойынына оңтүстіктің ең жас құрамасы алғаш рет қатысқан болатын. Бұл тәжірибе жинақтауға жақсы мүмкіндік дейді бапкерлер жағы.

Күнделікті жаттығулар күшейтілген. Өйткені Республикалық сынақтың екінші турында жерлестеріміз сәтті ойын көрсетуге тырысады. Жүлделі болмаған күнде шымкенттіктер өзге командалардан тәжірибе алып, қателіктермен жұмыс жасауға мүмкіндік алады.

Бүгінде хоккейден қыздар командасы да жасақталуда. Ол дегініміз келесі маусымда шымкенттіктердің намысын бойжеткендеріміз де қорғауға тырысады. Ал жасөспірімдердің соңынан 5 жастағы хоккейшілер де ілесуде. Бұл жолы болмаса да, келесі жылғы чемпионатта жерлестеріміз топ жармақ.

Бақытжан Зиябеков, №8 қысқы спорт түрлері мектебі директорының орынбасары: «Алғашқы тур ойынында анау айтқан көрсеткішке қол жеткізген жоқпыз. Алайда, біз команда алдына қойған жоспар орындалып жатыр деп ойлаймыз. Өйткені, біз үшін басты мақсат тәжірибе жинақтау.»

 

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz