ОҚО перинаталдық орталығында соңғы тәуліктерде босанған аналар дауыс берді. Орталықтағы аналардың басым бөлігі аудандардан келген келіншектер. Сайлау учаскелерінен олардың тізімі алынып, 230 ана бүгін өз таңдауын жасады.
5 ана жеке куәлігін ұмытып кеткен болып шықты. Сайлау комиссияларының мүшелері арнайы жәшіктермен келіп, аналар балаларының болашағы үшін елдің саяси жаңаруына үлесін қосты.