Бюллетеньдер әлі есептелінуде

Сайлау 2012

Сайлаудың қорытындысы ертең нақтыланады. Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Торғауытов осылай деді. Қазір саяси додаға қатысқан үміткерлер мен партиялардың бюлетеньдері есептелініп жатыр. Дегенмен, алдын ала мәліметтер бар.

Облыстық сайлау комиссиясына қазір сәт сайын алдын ала мәліметтер түсіп жатыр. Өйткені, сайлау учаскелерінде дауыс берілген бюллетеньдердің есебі жүргізілуде, сондықтан нақты көрсеткіш жоқ. Берік Торғауытов тек партиялық тізім бойынша, осыған дейін келіп түскен мәліметтерді атап өтті.

Бұл біздің өңірдегі таңдаушылардың көрсеткіші. Осыған сүйенген облыстық сайлау комиссиясының төрағасы облыстық мәслихаттың орынтағына жайғасатындардың 80 пайызға жуығы «Нұр Отандықтар» екенін атап өтті. Қалғандары өзге партиялардың өкілдері немесе өзін-өзі ұсынған кандидаттар болары сөзсіз. Ал саяси доданың барысындағы жағдайларға байланысты Берік Көмекбайұлының айтары нақты екен.

Берік Торғауытов, ОҚО сайлау комиссиясының төрағасы: «Сотқа бергендер жоқ. Яғни бізді сотқа бердік деп хабар келмеді. Ал кешегі айтылған кемшіліктерді біз тиісті мекемелерге жолдаймыз».

Облыстық сайлау комиссиясы төрағасының айтуынша, тіркелген бірқатар кемшіліктер сайлау қорытындысын өзгерте алмайды. Өйткені өрескел фактілер тіркелмеген. Ал сайлаудың нәтижесі алдағы күндері түбегейлі нақтыланады.