ОҚО-да сайлау аяқталды

183
Сайлау 2012

ОҚО сайлау комиссиясының берген мәліметі бойынша, бүгінгі саяси науқанға оңтүстік қазақстандық сайлаушылардың 78,8 пайызы қатысқан. Қазір сайлау учаскелерінде бюлетеньдерді есептеу жүргізіліп жатыр. Оның барысын бақылаушылар қадағалап отыр.

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Торғауытовтың айтуынша, саяси сәтте қала халқынан гөрі ауыл тұрғындары белсенділік танытқан.