ОҚО сайлау комиссиясынан сағат 17-00-ге келіп түскен мәлімет бойынша, облыс халқының 75,67 пайызы өз таңдауын жасаған

Сайлау 2012

Бұл 916 мың 629 азамат деген сөз. Ең белсенді Бәйдібектіктер болып отыр, аудан халқының 90 пайызы дауыс берген. Сарыағаштықтар екінші орында, 89,10 пайызы таңдау жасаған. Ал Төлебиліктер алғашқы үштікті аяқтап отыр. Аудан халқының 88 пайызы сайлауға қатысқан.

Соңғы деректерге сүйенсек, қалалықтардың 50,5 пайызы бүгінгі сайлауға қатысқан. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Бұдан алдыңғы сайлауда облыс орталығында мұнша адам дауыс бермеген,-дейді сайлау комиссиясының мүшелері.

Шымкенттегі 23 сайлау учаскесінде тізім бойынша, дауыс беру аяқталды. ОҚО бойынша, 1016 сайлау учаскесі бар.