Қайрат Нұртас бейне клип түсіру үстінде.

Бақыт Алтаймен Қайрат енді бірге жұмыс жасайтын болыпты

Әнші Қайрат Нұртас пен Бақыт Алтай бірігіп «Ойлама» атты жаңа ән жаздырған болатын. Жақында аталған әнге әншілер бейне клип түсіруді бастапты. Бейне клипті Алматы қаласындағы жергілікті студияда түсіргенді жөн санаған олар сюжеттік желісін махаббат тақырыбына арнапты.

Гүлзира Үсенқызы, Қайраттың анасы, әрі продюсері: «Бақыт Алтайды продюсерлігіме жақында алдым. Жақсы әнші, Қайратпен дауыстары да келеді. Қазір Алматы қаласының барлық аудандарын концерттік кештермен аралап жүрміз. Ал бейне клиптің түсірілімін жақында бастадық. Дайын болған соң, бағасын халық береді. Ал қазір біз толығымен алдағы күндері өтетін концерттік кештерімізге дайындық үстіндеміз дейді ол.

Наурыз айында Қайрат Нұртас пен Бақыт Алтай Шымкент,Тараз, Қызылорда қалаларында концерттік кеш бермек. Одан кейін дуэт Қытай Монғолия елдеріне гастрольдік сапармен бармақ. Бұл аталған сапарға әнші Сырым Исабаевта ілеседі екен.