«Оңтүстікжарықтранзит» ЖШС-і өткен жылы қолданыстағы ұзындығы 350 км. электр желілерін толық модернизациялаған болатын. Биыл тағы да 450 км. электр желілерін жаңғырту жұмыстары жүрізілмек. Осы мақсатта «Оңтүстікжарықтразит» ЖШС-нің орталық базасына жаңа трансформаторлар мен керек-жарақ құрылғылар алдырылды.
«Оңтүстікжарықтранзит» ЖШС-і биыл 450 км. ұзындықты электр желілерін, соның ішінде 121 шаршы метрін заманауи талаптарға сай жаңғыртылып, жабдықталмақшы. Соңғы үлгідегі СИП-сымдары тартылып, оқшаулағыштар мен тозығы жеткен ағаш бағаналар толығымен ауыстырылады.
Сәмидин Монтаев, «Оңтүстікжарықтранзит» ЖШС-нің жетекші инженері: «Керекті құрал-жабдықтар орталық базаға сатылып әкелінуде. Биыл Шымкент қаласындағы «Қаражол-2″ мөлтекауданындағы электр желілерінің жұмысы толығымен аяқталады. Сонымен қатар, Шардара су қоймасынан Шымкентке қарай тартылған электр желілерінің сымдары ауыстырылады. Бұл өз кезегінде электр қуатының көптеп өтуіне жағдай жасайды».
Тұтынушыға сапалы қызметті жаңғырту мақсатында «Оңтүстікжарықтранзит» ЖШС-нің орталық базасына қажетті құрал-жабдықтар сатып әкелінуде. Бұл көзделген жұмысты дер кезінде аяқтауға сеп дейді энергетиктер.
«41 қуаттылығы әртүрлі трансформаторлар сатып әкелінді, 25 трансформатор шкафтары, 4 км. аса жер асты кабельдері, 115 тонна сымдар сатып әкелінді. Бұл жоспарланған жұмыстың сәуір, мамыр айларын ғана қамтымақшы. Алдағы уақытта әлі де керек-жарақтар сатып алынады,»- дейді Сәмидин Монтаев.
Жобалық-сметалық құжаттары дайындалып жатқан бұл ауқымды шаруа таяу күндері жүргізілмек. Яғни, сәуір айында қызу қарқынды жұмыс басталады деген сөз.