Оңтүстікте 19 кәсіпорын өз жұмысын тоқтатты

233
Әбдіғани АТЫМТАЕВ, Шу-Талас экология департаменті ОҚОФ директоры

Оңтүстік Қазақстан облысында 19 кәсіпорын өз жұмысын тоқтатқан. Басты себеп- бұл мекемелерддің экологиялық талаптарды орындамауы. Қоршаған ортаға тигізіп жатқан залалдың азаймай отыруы да Оңтүстіктің кәсіпорындарының бұл талаптарға қырын қарауының салдарынан көрінеді.

Әбдіғани АТЫМТАЕВ, Шу-Талас экология департаменті ОҚОФ директоры

«Бұл 19 нысанның тоқтауы заң шеңберінде жүргізілуде. Сот шешімдерінің негізінде іске асқан.  Дәл осындай талаптарды сақтамаған 22 нысан 2010 ж. өз жұмысын тоөқтатқан болатын. Бұл дегеніңіз аталған мекемелер қайта жұмыс істемейді деген сөз емес. Қанша мерзім болса да, экологиялық талаптарды сақтамаған кәсіпорындар жіберілген қателіктерді түзетіп болғасын арнайы комиссия құрылады. Сол арнайы комиссияның тексеру нәтижесімен 19 мекеме жұмысын қайта жандандыратынболады,»- дейді облыстың бас экологы Әбдіғани Атымтаев.

Шу-Талас экология департаменті Оңтүстік Қазақстан филиалының мамандарының айтуынша, арнайы тексеру алдында мекемелерге бір ай бұрын ресми  ескерту беріледі.

«Сол бір айдың ішінде экологиялық талаптардың сақталуын ретке келтіруге болатын еді ғой. Дегенмен, көп кәсіпорындардың басшылығы экологиялық талаптардың сақталуына жүрдім-бардым қарайды. Соның салдарынан біздің оссындай шара көруімізге тура келеді,»-дейді облыс экологтары.

Жалпы алғанда өткен жылы 730 экологиялық заңбұзушылықтар анықталған.