4-наурызда Ресей федерациясында президент сайлауы өтеді. Оған Оңтүстік Қазақстандағы Ресей азаматтары да қатысатын болды. Көші қон полициясының мәліметінше, облысты 1,5 мың Ресей азаматы тіркелген. Солардың 700-і Шымкентте.
Дипломатиялық ведомство өкілдері осы мәселеге байланысты шаһар басшыларымен кездесіп, алдағы сайлауда әріптестік қарым қатынастың артатынына сенім білдірді. Сонымен қатар, дипломаттар жерлестерін №7 Қарсыбай Спатаев атындағы мектеп-лицейінде орналасқан сайлау учаскесіне дауыс беруге шақырды.
Дмитрий Игнатьев, дипломатиялық ведомства өкілі: «Бізге осындай мүмкіндік беріп, қажетті жұмыстарды ұйымдастырып бергені үшін облыс, қала басшылығына алғыс айтамын. Бұл дипломатиялық байланысымыздың жоғары дәрежеде екендігін көрсетеді. Сондықтан, достығы берік Қазақстан оның ішінде Оңтүстік Қазақстан тұрғындарына ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ, қазақ еліне қыдырып келген немесе іс сапарда, оқу білім іздеп келген Ресей азаматтарына бір кісідей сайлауға қатысуға шақырамын».