Шымкент қаласының әкімі халық алдында есеп берді

223

Қала әкімінің халықпен өткізген 5 кездесуіне Облыс әкімі Асқар Мырзахметов қатысты. Жиынға келгендер бұл жолы тіпті белсенді болды. Күнделікті күйбең тірліктердің мәселелеріне қатысты қарапайым тұрғындардың қойған сауалдарынан бөлек, облыстық, қалалық мәслихаттың депутаттары да көпшіліктің көкейіндегі проблемеларды ортаға салуға тырысты.

Жиыннан белгілі болғаны қала халқын мазалап жүрген мәселелердің бірі қоғамдық көліктердің сапасыз қызметі. Қала орталығындағы 8 шағын ауданда орын алып жатқан жезөкшелік пен қылмыс. Бұдан бөлек, Шымкент қаласына көршілес аудандардан қосылған елді мекендерге инфрақұрылым мен мектеп бала бақша аурухананың қажеттілігі кезекті рет көтерілді.

Жарыс сөзге шыққандар мен сауал жолдағандарды мұқият тыңдаған облыс басшысы көтерілген мәселелердің қалай шешімін табатындығын байыпты толық тарқатып, Шым шахардың болашағы туралы жоспарларды баяндап берді. Өз кезегінде қала әкімі Арман Жетпісбайдың жылдық жұмысын халық та, облыс басшысы да оң бағалады. Дегенмен, тындырылуы тиіс тірліктердің әлі көп екенін ескерді.