Шымкенттің жас дзюдошылары ел чемпионатында топ жарды

336
ҚР чемпионатының жүлдегерлері

Жастар арасындағы ел чемпионаты Қарағандыда жалауын көтерген болатын. Жарыс қорытындысы бойынша облыс қоржыны 2 алтын, 2 күміс және 6 қола медальмен толықты. Өткен жылы дзюдодан облыс құрамасы жалпыкомандалық есепте 8-орында болса, бұл жолы төртінші сатыға көтерілді.

 Нұрлан Жабаев, ҚР дзюдо федерациясының спорттық директоры: «Дзюдошылардың алдына қойған жоспар орындалды деуге де болады. Жарыс алдын жүлделі орыннан көрінсе,  жаңадан ашылған №10 күрес мектебі үшін жақсы жетістік болады деген едік. Мақсатымызға жетіп, шәкірттеріміз үмітті ақтап отыр.»

№10 күрес түрлері мектебінің басшылығы да республикалық турнирде топ жарғандарды арнайы құттықтап өтті. Бір күміс, екі қола медальды Мұрат Қыпшақбаев бастаған спорт ордасының палуандары қанжығалады. Мектеп үшін бұл үлкен жетістік. Өйткені, жастар арасында дзюдо күресінен бұл мектептің алғашқы ел чемпионаты болатын.

Айбек Сапарқұл, ҚР чемпионатының жүлдегері: «Әр бір спортшының арманы Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алу ғой. Ал ол үшін жылдар бойы еңбектену қажет. Алғашқы сыннан өттік. Енді тынбай жаттығып, мақсатымызға қол жеткізуге тырысамыз».

81 келі салмақтағылар арасында Айбек Сапарқұл қоладан алқа тақса, Жасұлан Ұзақбай екінші орыннан көрінді. Ал Олжас Рысбек 73 келі салмақта алғашқы үштікті қорытындылады. Сондай ақ, Нұрлан Жабаев арнайы төс белгіге ие болды. ҚР дзюдо федерациясының президенті жерлесіміздің жылдар бойғы еңбегін бағалап, «Дзюдо Тарланы» орденімен марапаттады.